Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда болған өрт салдарынан 8 жасар бала қаза тапты

Оқиға
Ақтауда болған өрт салдарынан 8 жасар бала қаза тапты
Фото: pixabay

Ақтауда болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалған, ал өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы да қайғылы жағдайды растады: өрт кезінде 2017 жылы туған бала көз жұмған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтіндіктен, ТЖД оқиға жөнінде қосымша ақпарат бермеген.

Еске салайық, қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні Ақтауда болған. Тұрғын үйдегі пәтер өртеніп, соның салдарынан бір бала көз жұмды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу