Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бірқатар маңызды шешім қабылдауымыз керек – Зеленский

Әлем
Бірқатар маңызды шешім қабылдауымыз керек – Зеленский
Фото: Toby Melville / POOL / AFP via Getty Images

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Даунинг-стритте өткен келіссөздер қарсаңында Ұлыбритания, Франция және Германия атынан сөйлеп, Украина президенті Владимир Зеленскийге Киевтің еуропалық одақтастары соғысты аяқтау жолында Украинаны қолдауды жалғастыратынын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

«Егер бітім жасалатын болса, ол әділ әрі ұзақ мерзімді болуы тиіс. Сондықтан Украинаға қатысты кез келген мәселені Украина өзі шешуі маңызды. Біз сізді Ресеймен қақтығыста да, келіссөздер барысында да қолдау үшін осындамыз, – деді Стармер келіссөздер басталар алдында төрт лидер журналистер алдына шыққан сәтте.

Франция президенті Эммануэль Макронның пікірінше, Еуропаның «қолында айтарлықтай артықшылықтар бар». Германия канцлері Фридрих Мерц те пікір білдіріп, АҚШ тарапынан келіп жатқан құжаттардағы кейбір тұстарға «күмәнмен қарайтынын», бірақ «оларды талқылау қажет екенін, сондықтан да осы жерде отырғанын» айтты.

«Біз американдықтарсыз жасай алмайтын дүниелер бар, Еуропасыз да жүзеге асыра алмайтын нәрселер бар. Сондықтан бірнеше маңызды шешім қабылдауымыз керек, – деді Владимир Зеленский.

Алдымен тараптар бір сағаттық жалпы кездесу өткізеді деп күтілуде, одан кейін Зеленский мен Стармер екіжақты форматта келіссөз қорытындыларын талқылайды.

Лондондағы кездесуге дейін Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тағы делегациялар Донбасс мәселесі бойынша келісімге келе алмағанын айтқан. Әңгіме – Ресей бақылауына өтпеген аумақтарды Украинадан бас тарту туралы ұсыныс жайында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу