ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолында болған, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
— Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша шешім қабылданады.