Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пиар ма, жоқ па? Хайп па, емес пе? Министр медициналық көмек көрсеткен журналистің пікірі

Қоғам
Пиар ма, жоқ па? Хайп па, емес пе? Министр медициналық көмек көрсеткен журналистің пікірі
© Желіде ұшақтан тараған видеодан скриншот

Желіде, қарашаның аяғында, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ұшақ ішінде медициналық көмек көрсеткен видеосы тараған болатын. Министрдің әрекеті қызу талқыға түсіп, біреулер қолдаса, біреулер қойылым деген баға берді. malim.kz тілшісі Әсем Рамазан сол оқиғаның басты кейіпкері Гүлмира Әбіқайдан оқиғаның мән-жайын сұраған еді.

Гүлмира Әбіқай былай дейді:

Ұшақтың іші ыстық болды, оның үстіне, түнде, мезгілсіз жүргендіктен қатты шаршаған едім. Анда-санда қан қысымым көтерілетіні де бар-ды. Мазасызданып кеттім. Ақыры, әбден берекем кеткесін, ассистентім Жанарды ояттым: ол ұйықтап кеткен екен. Сөйткенше талып қалыппын. Қаупсіздік белдігінен салбырап, сұлқ түсіппін.

Қасымдағы қым-қуыт тірлікті есімді жиған соң ғана көрдім. Бірі су, бірі көмек сұрап, жұрт әбігер болып жатыр екен. Министр ханымның салонның қай бөлігінен келгенінде шаруам болмады. Алдыңғы жақтан келген сияқты, бизнес-класс болуы да мүмкін. Көмек сұрап, дәрігер сұрап шақырған - ассистенім Жанар екен. 

Ұшақ мен үшін кідіріпті, ол үшін арнайы түсініктеме жаздым. 

Біреулер мені рейстен түсіріп кету туралы талқылай бастады, оған мен келіспедім: үйде кішкентай балам күтіп отыр еді.

Маған көмек көрсеткен жанның министр екенін өзім де ертеңіне әлеуметтік желілерден білдім.

Желіде, өйту керек еді - бүйту керек еді деп жазып жатқандар көп. Білгіштер ненің дұрыс, нені бұрыс екенін тәптіштеп-ақ жазып жатыр. Менің айтарым: ешкімге ештеңе дәлелдемеймін. Бірақ, пиар болса - сәл дайындалар едім деп ойлаймын. Жұрттың сөзі миыма кіріп-шығып жатқан жоқ.

Айта кету керек, бұл оқиғаға байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың өзі де бұл оқиғаға байланысты ешкімнің алдында ақталмайтынын айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу