БҚО білім басқармасы жекменшік мектептерге қаржыны уақтылы аудармай, үш мыңдай оқушының оқуы төлемсіз қалғаны туралы ақпарат тараған еді.
"Уральская неделяның" жазуы бойынша, қаладағы тоғыз жекеменшік мектептің құрылтайшылары тіпті ереуіл туралы әңгіме көтерген.
Бүгін Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын таныстыра келген өңір әкімі Нариман Төреғалиевтен malim.kz тілшісі Әсем Рамазан осы ахуал бойынша ақпарат сұрады. Тілші, мұндай ахуалға кәсіпкерлердің өздері әлде меморгандар кінәлі ме деп сұрады.
Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Орал қаласында 11 жеке мектеп бар. Бұл мектептерге 1 млрд қаржы бөлініп қойған және бүгін (2025 жылдың 8 желтоқсаны) күні 500 млн теңгесі аударылған. Қалған қаржыны алу үшін, жекеменшік мектептер сәйкесінше құжаттарды тапсыруы ғана керек. Басқа проблема жоқ дейді облыс әкімі.
Алайда, "Уральская неделяның" жазуынша, облыс бюджетінен қаржы бөлу кезінде олқылық болғанын облыс мәслихаты комиссиясының төрағасы Борис Лаврентьев айтқан екен. Ол келтірген мәлімет бойынша, 600 млн-нан астам қаржы келесі жылы қаңтар-ақпан айларында жабылады.