Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Боран, аяз": Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жариялады

Қоғам
"Боран, аяз": Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жариялады
Фото: istockphoto.com

Елімізде ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз, қар, боран, тұман, көктайғақ орнайды. Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында -20-33 °C қатты аяз күтілуде.

СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ күтілуде.

«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу