457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тегі түркі Ресей депутаты Мәскеудің ұлттарды жіктеу саясатын сынады

Алтай Республикасындағы (Ресей) жергілікті өзін өзі басқару реформасы сынға ұшырады. Бұл туралы exclusive.kz жазды. Ил Тумен (Саха Республикасының парламенті) депутаты Александр Иванов Мәскеудің әрекеттерін әшкерелеп қана қоймай, түркі халықтарын бірлікке үндеді.


"Сіз бен біз – хакастар, долгандар, тывалар, татарлар, башқұрттар, чуваштар, әзербайжандар, түркмендер, өзбектер, қазақтар, түріктер, құмықтар, қарашайлар – ата тегі жағынан туыспыз. Біз екі жүз миллионбыз. Алайда арамыз алыс. Бізді ғасырлар бойы жіктегені сондай, бірі біріміз туралы ештеңе білмейміз, –

деп мәлімдепті депутат.

Депутат Иванов аз халықтардың дауысы шықпайтыны, өз мүдделерін – біріккен кезде ғана қорғай алатындарын айтты.

"Алтайлықтар небәрі сексен мың ғана. Үлкен империя ішінде бұл түк те емес. Бірақ жұмылып, бір идеялар төңірегінде сөйлесек – миллиондардың дауысын жоққа шығара алмайды", –

депті ол. Александр Иванов Мәскеудің саясатын да ашық сынап өткен.

"Мәскеу тарихымызды біржақты беріп отыр. Тынық мұхиттан Еділдің жағасына дейін, Ұлы Қытай қорғанынан Венгрияға дейін түркілердің жері болған. Олигархтар мұнда келіп алып, вилла мен жол салған кезде қарсылық көрсету керек", – депті ол бұл орайда.

Депутат сонымен бірге, "орыс қауымдастықтары" сияқты ағымдардан қауіптенетінін айтқан.

"Әйтеуір бұл жұқпалы дерт Орал тауларынан бері өтпесе екен. Бірақ, өтіп кетті", – деген екен бұл жөнінде. Соңғы кездері Ресей субъектілерінде орталықтың шешімдеріне қарсылық күшеюде. Таулы Алтайда Мәскеуден тағайындалатын губернатор мен олигархтардың тайраңдауына қарсы толқулар болып тұрады.

Фото: gorno-altaisk.info