Тараз тұрғыны түрмеге есірткі алып кірмек болған

Тараз қаласында Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздары түрмеге есірткі өткізбек болған адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған.
Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы – ефрейтор Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы "Зара" атты қызметтік ит күдікті иісті сезеді. Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар кроссовканы нұсқап, нақты белгі береді.
Әскери қызметшілер орын алған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндайды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.
Фото: Ұлттық ұлан

Ең көп оқылған
