457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сот Перизат Қайратқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваның ісі бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Апелляциялық сот Перизат Қайрат пен оның анасына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Бүгінгі отырыста Перизат Қайраттың қорғаушысы оны толық ақтауды сұрады. Сондай-ақ бүгін Перизат Қайраттың нақты қайда отырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 11 тамызда адвокат Арман Давлетьяров Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның мүддесін қорғап, апелляциялық шағым түсірген еді. Ол сотталушылардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп, үкімді жоюды және оларды ақтауды сұраған болатын.

Фото: әлеуметтік желі