457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүйректі қайтар! Ажырасқалы жатқан әйелінен ері бүйрегін қайтаруды талап етті.

IMAGE: ©depositphotos

Немесе орнына 1.5 млн $ төлесе де болады. Бұл туралы Independent жазыпты.

АҚШ-та Ричард Батиста деген азаматпен әйелі ажыраспақшы болыпты. Сол кезде Ричард осындай шарт қойыпты.

Оның айтуынша, кезінде әйелі үшін басын қатерге тігіп, бір бүйрегін берген. Қызығы, сол кезде де шаңырақтары шайқалып тұрыпты.


"Менің ол кезде есіл-дертім әйелімнің өмірін құтқару ғана болды", -


дейді Ричард.

Округтың жоғары соты Ричардтың талаптарын қанағаттандырмады. Себебі оның бүйрегі - сыйлық есебіне алынады. Оның үстіне, әйелдің дәрігерлері де бүйрегін алуға үзілді-кесілді қарсы екен.

Ал ақшаға келсек, ондай талабы үшін Ричардты тіпті қылмыстық жауапқа тартуға болады дейді сот.