457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Францияның экс-президенті Саркози 5 жылға сотталды

Бірақ үкімді орындау кейінге қалдырылды

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 5 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ үкімді орындау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Malim.kz dw-ге сілтеме жасап.

Париж соты Саркозиді 2007 жылғы сайлауалды науқанын Ливия қаржыландырған іс бойынша қылмыстық сөз байласу жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Алайда басқа айыптар бойынша ол ақталды. Бұрынғы мемлекет басшысына 100 мың еуро айыппұл да салынды.

Сот сондай-ақ оның президенттік кезеңдегі серіктестері – бұрынғы министрлер Клод Геан мен Брюс Ортефені де қылмыстық сөз байласу үшін кінәлі деп таныды, бірақ бірқатар басқа айыптардан ақтады.

Үкімді көп сағат бойы жариялаған сот төрағасы 2005-2007 жылдары Саркози өзінің жақын серіктестеріне Ливия билігіне "сайлауалды кампаниясын қаржыландыру мақсатында қаржылай қолдау алуға немесе алуға тырысуға" рұқсат бергенін айтты. Дегенмен, Саркозидің өзі бұл схемаға тікелей қатысқанын немесе Ливия ақшасы науқанда пайдаланылғанын дәлелдейтін нақты айғақ жоқ.

70 жастағы экс-президент сот залында әйелі, әнші әрі модель Карла Бруни-Саркозимен және үш ересек ұлымен бірге болды. Процесс барысында ол барлық айыптауларды жоққа шығарды. Үкім жарияланғаннан кейін Саркози оны міндетті түрде апелляцияға беретінін айтып, өзіне қатысты жасалған "әділетсіздікті" "даулы" деп атады.

Сот Николя Саркозидің нақты қашан қамауға алынатынын кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Фото: Aurelien Morissard/PanoramiC/IMAGO