Назарбаев 270 миллиард теңгеге Франциядан вилла сатып алмақ болған

IMAGE: ©kaztag.kz
Мұны ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринский айтты.
Кәсіпкер Лазур жағалауындағы вилланы 2001 жылы Заирді басқарған африкалық экс-диктатор Мобуту Сесе Секоның отбасынан 14,5 миллион долларға (7 миллиард 858 миллион теңге) сатып алған. Кейін оны алу үшін Назарбаевтың адамдары әлдеқайда қымбат баға ұсынған.
Дегенмен, кәсіпкер бұл үйді "Газпромнефтьке" 70 миллион долларға сатқан. Сосын мұнда ресейлік спортшы Алина Кабаева тұрған. Қазір жылжымайтын мүлік жалға беріліп жатыр. Дегенмен, мүлікке тыйым салынған.
Айта кетейік, вилла орналасқан аумақ 3,2 гектар. Онда 15 жатын және 28 қонақ бөлме бар. Автотұрақта 8 көлікке орын қарастырылған.