457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Франция Президенті алғаш рет қазақша ресми жазба жариялады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы өткен әңгімеге қатысты қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол пікірін Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Макронның айтуынша, тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін, соның ішінде көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылаған. Бұл әңгіме 2023 жылғы қарашада Макронның Қазақстанға жасаған сапары мен Президент Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде өтті.

Сонымен бірге, әңгіме барысында халықаралық жағдай да сөз болды. Франция Президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен Оңтүстік Кавказдағы келіссөздерге тоқталғанын жеткізді.

Фото: Ақорда