Францияның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбіде Қарулы Күштер министрі Себастьен Лекорнюді өзінің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды France 24.
Президент оған ел бюджетін қабылдау және алдағы айларда шешім қабылдау үшін қажетті келісімдерге қол жеткізу мақсатында Парламентте ұсынылған саяси күштермен консультациялар өткізуді тапсырды. Осы талқылаулардан кейін жаңа премьер-министр Республика Президентіне үкімет жобасын ұсынуы тиіс, - деді Президент Әкімшілігі.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте француз депутаттары премьер-министр Байруға сенімсіздік білдірді.
Фото: РИА Новости

Ең көп оқылған
