457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экс-президент түрмеге барды

IMAGE: ©Guardian (Photograph: Sygma/Corbis)


2007 жылғы өзінің сайлау науқаны үшін Ливиядан қаржы алды деген айып тағылып, Францияның 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген экс-президенті Николя Саркози жазасын өтеуге түрмеге барды. Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлайды.

Тергеу барысында, Ливияның сол кездегі басшысы Муаммар Қаддафи Николя Саркозидің сайлау науқанына миллиондаған еуро бергені анықталған. Ол ақшаны Францияға қолма қол - шабаданмен жеткізіпті. Николя Саркози сот кезінде мұндай тұспалдарды мойындаған жоқ.

Экс-президент жазасын Париждің La Santé түрмесінде өтейді. Ол түрменің - аса жоғары күзет қажет ететін тұлғаларға арналған бөлігінде отыратын болады. Алайда, Николя Саркози үшін ерекше жағдайлар қарастырылмаған. Бұрынғы президент жалпыға ортақ - көлемі 12 шаршы метр, душы мен телевизоры бар бөлмеге қамалады.

Экс-президент өзінің түрмедегі уақыты туралы кітап жазбақ екен, бұл туралы BFMTV арнасы хабарлапты. Бұған қоса, Николя Саркозидің, өзін - бақылаудағы бостандыққа жіберу туралы өтініш жазу құқы бар. Францияда жасы 70-тен асқан қылмыскерлерге осындай процедура қарастырылған екен.