457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лувр мұражайын тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды

Луврды тонады деп күдіктелген екі адам сенбі күні кешке полицияның қолына түсті

Луврды тонады деп күдіктелген екі адам сенбі күні кешке полицияның қолына түсті, деп хабарлайды Malim.kz Franceinfo сайтына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, күдіктілердің бірі Алжирге ұшпақ болып әуежайда ұсталған. Ал екіншісі Париждің маңайындағы қалада табылған.

Барлығы бұл ауқымды тонауға қатысты төрт күдікті іздестірілген еді: олардың екеуі "Аполлон галереясына" кіріп кеткен, ал қалған екеуі оларға көмектесіп, скутермен қашып кетуіне жағдай жасаған, – деп жазады басылым.

Осылайша, қазіргі уақытта тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр.

Le Figaro дерегінше, Луврдың бір күзетшісі тонаушылармен сөз байласқан болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қылмыскерлерге қауіпсіздік жүйесіндегі әлсіз тұстар туралы құпия ақпарат берген.

Еске сала кетейік, 19 қазанда Париждегі әлемге әйгілі Лувр мұражайы бірнеше минуттың ішінде тоналған еді. BFMTV арнасының хабарлауынша, тонаушылар қылмыс орнына скутермен келген. Олар сыртқы жүк лифті арқылы терезеге көтеріліп, әйнекті сындырған. Мұражай ішіне кіріп, Наполеон мен императрица Жозефинаға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Залал көлемі 88 миллион еуро деп бағаланған.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл оқиғаны «елдің мәдени мұрасы мен тарихына жасалған қастандық» деп атады.

Ал Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Луврдағы тонауды «бір кездері ұлы болған Францияның құлдырауымен» байланыстырды және ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, мұражайға қайтаруға дайын екенін айтты.

Фото: instagram.com/museelouvre