457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигі 12 жылға сотталды

Қалалық ҰҚК департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа үкім шығарылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қалалық ҰҚК департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша — пара алу, қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру және қызметтік әрекетсіздік үшін кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде Сарбасов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды және подполковник шені алынды. Сонымен қатар, оның пәтері мен көлігі тәркіленді, ал өзі 70 миллион теңге көлеміндегі параны өтемақы ретінде өтеуге тиіс.

Іс бойынша басқа айыпталушыларға 1 жылдан 7 жылға дейін түрлі мерзімде жаза тағайындалды. Кейбірі амнистияға ілігіп, кейбірі жазасын шартты түрде өтеуге жіберілді.

Судья Әбінұр Қарабаевтың айтуынша, сот алқасының мүшелері арасында пікірталас болған — дауыс арақатынасы 5-ке 6 болып бөлінді. Қорғаушылар қазірдің өзінде апелляциялық шағым дайындап жатыр.

Фото: ҰҚК