457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкент әкімдігі өзіне 688 млн теңгеге гараж салмақ

Бұған дейін Шымкент әкімдігі өзінің қызметін қамтамасыз етуге 5 жылға шамамен 22 миллиард теңге сұрағанын

Шымкент қаласының әкімдігі өзіне 688 миллион теңгеге гараж салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

«Тапсырыс беруші – “Шымкент қаласының құрылыс басқармасы” мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі – тұрғын емес ғимараттар мен нысандарды салу. Қосымша сипаттама – “Шымкент қаласы әкімдігінің қызметтік автокөліктеріне арналған гараж бен әкімшілік ғимарат салу (мекенжайы: Шымкент қаласы, Шаяхметов көшесі)”. Жоспарланған сома – 668 220 620 теңге», – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 8-13 қазан аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімдігі өзінің қызметін қамтамасыз етуге 5 жылға шамамен 22 миллиард теңге сұрағанын.

Фото: 2гис