457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адам зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат 25 қазан күні сағат 18:55 шамасында Атырау–Озинки трассасының 22-шақырымында, Бәйтерек ауданына қарасты Болашақ ауылы маңында болған.

Алдын ала дерек бойынша, «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан соңғы көліктегі жолаушылар түрлі жарақат алып, барлығы Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция апаттың нақты себептерін анықтап жатыр.

Фото: freepik.com