457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да дәмхана мен дүкен шатыры өртенді

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Достық ауылында екі қабатты дәмхана мен оған жапсарлас салынған дүкеннің шатыры өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жоғарғы ранг бойынша жұмылдырылды.

Өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жаудың таралу бағытын анықтап, бір мезетте бірнеше бағыттан лафет оқпандарын беріп, жалынның ғимараттың бірінші қабатына және дүкен ішіне өтуіне жол бермеді. Өрт жалпы ауданы 450 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі қоғамдық тамақтану нысандары міндетті түрде автоматты өрт дабылы, хабарлау жүйесі, эвакуацияны басқару және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс екенін ескертеді.
Фото: видеодан скрин