457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талдықорғанда полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды аман алып шықты

Талдықорғанда тәртіп сақшылары өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға кешкі уақытта болған. Көршілердің дабылы бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің полицейлері Темірлан Қажыханұлы мен Мақсат Сейтберлі оқиға орнына дереу аттанған. “Жастар-3” шағын ауданындағы бір үйдің шатыры отқа оранғанын байқаған олар, ішінде адам бар екенін анықтайды.

Полиция қызметкері Темірлан Қажыханұлы жалын мен қою түтінге қарамастан, шатырға көтеріліп, үй ішінен ер адамды тауып, қолына көтеріп сыртқа алып шыққан. Құтқарылған тұрғын жедел жәрдем келгенше полицейдің бақылауында болған.

Батыл әрекеттің арқасында ер адамның өмірі сақталып қалды. Темірлан Қажыханұлы түтіннен жеңіл уланғанына қарамастан, ауруханаға жатудан бас тартып, қызметін жалғастырды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, ал аман қалған ер адам дәрігерлердің бақылауында.

Фото: видеодан скрин