Атырау облысындағы қамыс өрті толығымен өшірілді

31 мамырда "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында тұтанған қамыс өрті бүгін толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Malim.kz.
"2025 жылғы 24 маусым күні сағат 14:00-де "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орын алған өрт толықтай сөндірілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің 150 қызметкері және 35 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт себебі әлі анықталған жоқ. Министрліктің хабарлауынша, ТЖМ қызметкерлері қазіргі таңда өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Айта кетейік, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өрті екі аптадан аса бықсып жанды. Табиғи апат салдарынан Атырау қаласының халқы көк түтінге тұншығып, зардап шекті.
Қызыл жалын 1500 гектардан астам аумақты шарпыған. Су жағасындағы қамыс отқа оранғаны себепті, өртті сөндіру жұмыстары ұзаққа созылған.
Сондай-ақ минералды жолақ жүргізуге қосымша 10 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Ал өрттің шығу себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды. Себебі, бақылау жүйелері өшірілген болуы мүмкін деген болжам айтылды.
Фото: ТЖМ


Ең көп оқылған
