457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Күдікті ChatGPT-ден өртке оранған қаланың суретін сұраған

IMAGE: ©BBC (U.S. Department of Justice)


Биыл қаңтарда Лос-Анджелестің Пасифик-Палисейдс ауданында алапат өрт болған еді. 12 адам өліп, 6 мыңнан астам үй жойылып кеткен болатын.

Сейсенбі күні (7 қазан) осы іс бойынша 29 жастағы Джонатан Риндеркнехт күдікке ілініп, ұсталды. Оған прокурор тарапынан мүлікке от қойды деген айып тағылды. Бұған қоса, кісі өлтіру бабы бойынша да айып тағылуы мүмкін.

Әділет министрлігінің өкілдері айғақтардың ішінде Джонатан Риндеркнехтің цифрлық құралдарынан алынған ChatGPT-де жаасаған сурет те бар екен. Ол чаттан өртке оранған қаланың суретін салып беруді сұрапты.

7 қаңтар күні болған өрт Лос-Анджелес тарихындағы ең сұрапылдарының бірі болып есептеледі. Тап сол күні Лос-Анджелестің басқа ауданында болған, “Итон” деген атау алған өрт қосымша 19 адамның өмірін жалмап, 9400 ғимаратты жоқ қылған. Бұл өрттің себебі әлі белгісіз.