457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырауда 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті

Ол дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді

Атырауда 10 жасар ұл бала велосипедімен жеделсатыға кірмек болған. Алайда есіктер автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қысылып қалған. Бұл туралы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Лифт жоғары қарай қозғала бастағанда, бала велосипедіне жармасып тұрған. Бір сәтте ол ұстап қала алмай, қолын жіберіп, ашық тұрған шахтаға құлап кеткен.

Абырой болғанда, бала аман қалды. Оны дер кезінде ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алған жоқ.

Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: Halyqstan