457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында қамыстың жануын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ-на тиесілі су төгу құрылғысы орнатылған МИ-8 тікұшағы өрт ошақтарына 27 рет ұшып, жалпы көлемі 81 тонна су төкті. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ.

Тілсіз жаумен күреске 52 маман мен 10 техника, сондай-ақ әуе техникасы жұмылдырылған. Олардың қатарында Атырау облысы ТЖД мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері бар.

Өрт орнында дер кезінде командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс ұйымдастырылып, үйлестіру күшейтілді.

Қазіргі таңда 20 гектар аумақтағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Фото: видеодан скрин