Түн ішінде Семейде өрт шығып, үш үй жанып кеткен
Семейде түн ішінде бірнеше үй жанып кеткен,- деп хабарлайды Malim.kz massaget.kz сайтына сілтеп.
Алғашында тілсіз жау уақытша баспанада тұтанып, кейін қасындағы тұрғын үйге тараған. Жеке үйлердің тығыз орналасуының салдарынан өрт көрші үйге де жылдам жеткен.
"Өрт сөндіру бөлімшелерінің алғашқы құрамдары оқиға орнына шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде жетті. Алайда өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, келген кезде үш үйді жалын шарпыған еді. ТЖД қызметкерлері өрт таралуын шектеді", - деп жазылған хабарламада.
Өрт жалпы ауданы шамамен 220 шаршы метр аумақта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Фото: ТЖД