Астанада цехтан өрт шықты
Елорданың Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпусында өрт шықты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен екі сағаттай күресіп, өртті ауыздықтады. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасаған.
Өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді.
Астана уақытымен 08:58–де өрт оқшауланды.
Өрт 500 шаршы метр алаңда сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, газ блоктарын шығаратын цех шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: ТЖМ