457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада ер адам түнгі клуб күзетшілерінің соққысынан мерт болды

Астанада күзетшілердің қолынан қаза тапқан Азат Қабикеновтің анасы әділдік іздейді. Баласынан айырылған әйел тұңғышын тепкілеп өлтіргендер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Себебі ұлын ұрып денсаулығына зиян келтірген күдіктілердің екеуі әлі бостандықта екен. Бұл туралы Malim.kz  31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алания" түнгі клубының күзетшілеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бірақ жәбірленуші тарап іс бұрмаланып жатқанын айтады.

32 жастағы Азат Қабикеновті "Алания" түнгі клубының күзетшілері жабылып аяусыз ұрып, ауыр халде қалдырған деп айыпталып жатыр. Қатты соққыдан зардап шеккен азамат үш ай ес-түссіз ауруханада жатып, ақыры көз жұмған. Артында анасы мен бауырлары қалды. 

"Ұлымның өліміне қатысты адамдардың барлығы тиісті жазаларын алса екен деп ойлаймын. Біздің көңіліміз толмай жатыр. Бұрмаланып жатыр", – деді марқұмның анасы Айсұлу Ниетбаева.

Қазір сот процесі жүріп жатыр. Қамауға алынған төрт күзетшіден сұрақ-жауап алынды. Ал жәбірленуші тарап сотталушылардың туыстары мен адвокаттарынан қысым көргендерін айтады. 

"Бізде айыптаушы тарапқа қатысты бірқатар ескертулер бар. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушылар бірнеше рет ауысты. Кейбірі дайындықсыз келді. Жәбірленуші тарап бұл жөнінде прокуратураға шағым да түсірді. Бұл – осы іс бойынша үшінші прокурор. Біз әділ үкім шығады деп үміттенеміз", – деді адвокат Ләззат Теміржанова. 

Қазір алты адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бірі іздестіріліп жатыр, екеуі үйқамақта екен. 

Азат үйдің тұңғышы және асыраушысы еді. Арманы отбасын құрып, анасын өз үйіне көшіру болған.

Фото: видеодан скрин