457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырау облысында аулада жүрген баланы түйе таптап кетті

Атырау облысы Құлсары қаласында түйе аулада жүрген баланы таптап өтті. Жасөспірім дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, жануар кенеттен үркіп, қасында өтіп бара жатқан жасөспірімге қарай тұра ұмтылған. Түйе баланы бірнеше рет табанымен таптаған.

Өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі дыбыстық сигнал бергеннен кейін ғана жануар артқа шегінді.

Жәбірленуші Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, түйе ұсталған. Алайда оның иесі әлі табылмады.

Полиция болған оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.