457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылорда облысында ТЖМ тікұшағы жаңа туған сәбиді облыс орталығына жеткізді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе құтқарушылары Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінен жаңа туған сәбиді шұғыл түрде облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Санавиация желісі бойынша ұйымдастырылған рейс кезінде ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары мен бортмеханиктері, бортоператор және инженерлер бірлесе әрекет етіп, нәрестенің жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін әуе кемесін барынша тұрақты ұшуға баптады.

Медициналық топпен бірге жұмыс істеген экипаж сәбиді аман-есен жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай әуе рейстері шалғайдағы елді мекендерде шұғыл медициналық көмек көрсетудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
Фото: ТЖМ