Дариғаның құдасы Қайрат Боранбаев сотталды  

14,5 миллиард теңге ұрлаған

Malim Админ

  • 31.03.2023

Дариға  Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды.  Үкімді Астанадағы Сарыарқа сотында судья Назгүл Бапақова оқыды.

«Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын», - деді судья Бапақова. 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев былтыр 17 наурызда  қамауға алынған.  Мамырдың басында Боранбаев Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері қатарынан шығарылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.       

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

06.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

04.05.2024
MalimBlocks
Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған. 

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.