Діни басқармаға бәрібір емес екен. Тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқу – мәкруһ

Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес

Олжас Қасым

  • 22.11.2022

21 қараша күні  Malim.kz  «Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір» атты мақала жариялаған болатын. Мақалада Qulan.kz киім дүкенінің алаш арыстары Мағжан Жұмабайұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлдарының суреттері бар жейделерді сатып жатқанын,онда да -  арыстардың көзін ойып, алып тастағанын жазған едік. Арыстардың көзі «ойылған». Діни басқармаға бәрібір Жазба қоғамдық пікір пікір тудырып, кей азаматтар тарихи тұлғаларды қорлауға болмайтынын ашық жазып жатыр.  Бұл материалда  дүкен өкілдері, шағымданушы азаматтар Айдос Жанатұлы мен Ернат Мелсұлдарының пікірімен қатар, ҚМДБ Төраға орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының да айтқан сөзі  берілген болатын. Аталмыш мақаланың жариялануына орай , Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы үндеу жариялады.  Төменде сол үндеуді беріп   отырмыз.   


«Әлеуметтік желілерде Алаш арыстарының бейнесі салынған киімдерге қатысты жазбалар жарияланды. Киімдерге салынған суреттерде Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді тұлғаларымыздың көзін жасырған. Осыған байланысты қоғамда наразылық туындауда.

Мұндай киімдер жеке кәсіпкерлердің сату мақсатында жасап жатқан дүниелері болуы мүмкін. Алайда ұлт қайраткерлерін бұлай мансұқтауға болмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алаш арыстарының көзі жасырылған киімдерді шығарып, сатудың дұрыс емес екенін мәлімдейді.

Шариғатта тірі жанның көзін салмай, бейнесін ғана салуға болады деген пәтуа жоқ. Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес. Арыстарымызды бұлай «дәріптеуге» жол берілмеуі тиіс. Ел үшін жанын пида еткен Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді қайраткерлеріміздің асыл бейнелерін қорлауға болмайды. Мұндай әрекеттер –  ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік.

Қазіргі уақытта адамдардың, жануарлардың, басқа да тіршілік иелерінің суреті салынған киімдер шығып жатыр. Асыл дініміз мұндай киімдерді шығаруға қарсылық білдірмейді. Алайда тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқымаған абзал. Мұндай киіммен намаз оқу – мәкруһ.

Ал осы мәселеге қатысты сұхбат берген ҚМДБ Төраға орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының сөзін кесіп, тек бір жақты бағытта пікір таратып, қоғамда екіұдай көзқарас тудыру дұрыс емес».

ҚМДБ Ақпарат бөлімі 

Басты бетте көрнекі фото:  Руслан Ербота/malim.kz 

Байланысты жаналықтар

Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

21.11.2022

Тіл біткен жыландар

13.04.2022

Ақындар жүрегіндегі Алматы

14.01.2022

"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер

06.07.2020
MalimBlocks
Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

«Бастысы, намазға тұрғанда кисе мәкрүһ болады» деді ол.

Тіл біткен жыландар

Мүмкін әділдік деген құтқарушы емес, айқас шығар?

Ақындар жүрегіндегі Алматы

Алматы – қазақтың жаралы жүрегі!  Желтоқсанның ызғарлы күндерінде жаураған қала отыз жылдан соң «қаңтар трагедиясын» бастан кешірді. Бәрі де суынған жүректің даты, елдің жан сөзі! Ал қазақтың жаралы жүрегін кім емдейді?!

"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер