Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Олжас Қасым

  • 29.05.2023

Түркияны 20 жыл басқарып келе жатқан Режеп Тайып Ердоған қайта президент болып сайланды.   Ол осымен үшінші мәрте билікте қалды.   Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Ердоған президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 52,16 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.  Оның қарсыласы болған Кемал Кылычтароғлы 47,84 пайыз дауысқа ие болды.   Жақтастарының алдында сөйлеген Ердоған   «Демократия мейрамын сыйлағаны үшін халқыма ризашылығымды  білдіремін. Қабірге дейін бірге боламыз»,-деді.  

Реджеп Тайып Ердоғанның қайта Президент болып сайлануы қандай ықтимал ахуалды қалыптастыруы мүмкін.  Саясаттанушылар бұл бекім  үлкен экономикалық проблемаларды шиеленістіре түседі дейді. Сарапшы Жақсыбек Жиенәлиевтің айтуынша, Түркияда алдағы уақытта экономикалық жағынан тежеліс тереңдеуі  мүмкін.  «Себебі, қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде  құлдырап кеткен. Оппозия өкілдерінің пікірлерін де саралап қарап отырдық. Ердоғанның  алдағы 5 жылы адам құқықтары мен демократияның аяқасты болуына бастайды. Қазіргі Президенттің қарсыласы болған Кылычтароғлыға сан мәрте шабуыл жасағаны айтылды. Бірінші кезеңде Ердоған 50 проценттен артық дауысқа ие бола алған жоқ. Бұл да оған деген халық сенімінің азайғанын көрсетті»,- дейді. 

Ердоғанның үшінші рет Түркия Президенті болып сайлануы нені көрсетеді? Үшінші мәрте президент болу  авторитарлық режимнің орныққанын анық көрсете ме?   Сарапшы Амангелді Құрметұлы Ердоғанның билікте қалуы  қалай дегенмен де түркиялықтардың  таңдауы деген пікірде.    

«Ердоғанның билік жүйесін классикалық авторитарлық режим деп санамаймыз. Себебі, Түркиядағы демократиялық процестер тежеле қойған жоқ. Әлі де болса демократиялық түрде дамып жатыр. Авторитарлық режим орнаған болса, сайлау заңнамасын бұзу, оппозицияны  тұншықтыру шаралары әлдеқайда қатаң түрде жүргізілу керек еді.  Қазіргі жағдайда Түркияда дауыс ұрлау мүмкін емес. Партия құру қиын емес. Осындай элементтерді ескерсек, авторитарлық режим деп бір жақты баға бере алмаймыз»,-деп бағалайды.     

Бұрын Түркияда парламенттік билік орнықса,  қазір президенттік билік қалыптасты. Дегенмен, жергілікті сайлауларда бірқатар қала басшылары  оппозициядан сайланғаны мәлім.  Саясаттанушылар  Ердоған биліктен кетіп, Кылычтароглы президент болса  да ахуал өзгере қоймайтынын  айтады. 

«Түркия геосаяси күрделі аймақта орналасқан. Соған қарамастан,   даму потенциалы бар  қуатты ел. Халқының саны басым. Ердоғанның сайланбай қалуы Түркияны құрдымға жібереді деп айта алмаймын. Алдағы 5 жылда сәтті экономикалық қадамдарға бара алатын болса, Түркияға инфляцияны тежеу қиын болмайды»,- деп қорытады.     

Ердоғанның Түркия билігінде қалуы Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан   секілді елдерге қалай әсер етеді? Амангелді Құрмет  қалыпты интеграциялық процестер жалғаса беретінін айтады.   «Қазақстан Түрік мемлекеттерінің 2040 жылға дейінгі ортақ стратегиялық бағытын айқындаған. Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты Орталық Азия Түркияға қолайлы нарық. Ресми Анкара бұл жағын назардан тыс қалдырмайды.  Ердоған Түрік интеграциясын жалғастырады»,-дейді ол.   Алайда, Жақсыбек Жиенәлиев Ердоғанның үшінші рет президент атануы сыртқы саясатта қатаң позиция ұстануын өзгертпейді деп отыр. Оған саясаткердің Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамауы жарқын мысал.   

Еске салайық, Түркияда өткен  президент сайлауының  бірінші турында 69 жастағы Ердоған дауыс бергендердің 49,5 пайыз дауыс жинаса,  74 жастағы Кылычдароғлы   халықтың 44,9 пайыз қолдауына ие болған. Ашық ұлтшыл көзқарастардың кандидаты Синан Оган 5% дауыспен үшінші болды. Оган сайлаудың екінші туры алдында Ердоғанды қолдаған болатын.  

Байланысты жаналықтар

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

30.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024
MalimBlocks
Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

Бұл Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызып жатыр.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.