«Орныңды босат, Шөкеев!» - Түркістан әкімінің есеп беру жиынынан репортаж 

Мақажановтың қылмысы дәлелденсе отставкаға кетуге дайынмын деді

Олжас Қасым

  • 16.06.2022

Елордаға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келді.  Ол Тоқаевтың тапсырмалары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Әкім әңгімесінің әлқиссасын аймақтың гүлденіп жатқанынан бастап, экономикалық, әлеуметтік, туристік саладағы цифрларды тізбелеп, ұзақ толғады. Алайда журналистерді бұл емес, Түркістан облысының жаман атын шығарып жатқан жағдайлар мазалайтынын баспасөз отырысы көрсетіп берді.  


Түркістанның  аты соңғы уақытта сыбайлас жемқорлықпен шығып жатқаны мәлім. Іркес-тіркес деректер бойынша Түркістан парақорлық жиі тіркелетін үлкен үш қаланың бірі. Облыс құрылғалы бері 500-ге жуық жемқорлық фактісі анықталды.  Шөкеевке бағытталған сұрақтың көбі осы төңірекке ойысты. Бұл сұраққа ыршып түскен әкім жайсыз статистикалар тапсырыс, әлдебіреулердің ойыны  деп бүркемелегендей болды.

«Мен үшін нәтиже маңызды. Менің өмірбаянымды бәрі біледі» деп дөйдалаға кеткен Шөкеев жемқорлық әлемде болып жатқан кесел деп бір тоқтады. Аймақ басшысы жемқорлық індетімен антикормен бірлесе күресіп жатырмыз деп бұл сауалға нүкте қойғандай болған. Алайда дәл сол антикор аса ірі көлемде пара алды деп ұстаған Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Мақажанов ісі Шөкеевтің үнсіз қалуына мүмкіндік бермеді.  Әкім бірден аталған мәселе жөнінде сот шешімі шықпағанын алға тартты. Бәріне белгілі, өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ долларын  алған Мақажанов.  Мәселе шешім таппаған соң бақ өкілдері облыс басшысынан отставкаға кетуді талап етті. Егер Мақажановтың қылмысы дәлелденсе Шөкеев отставкаға кетуге дайынмын деп тақырыпты басқа арнаға бұрған.

 

Сұрақ мұнымен бітпеді. Кәсіпкер Болатбек Әлиевтің «Түркістан» СПК арқылы 3 жарым млрд қаржы алғаны, ол жерге алхоры ағашын егеміз дегені, алхоры егілер жерде ну түгілі дым жоқ екендігі айтылған. Бірақ, Шөкеев  ол жерде жұмыстың жайнап жатқанын, ал қаражат Болатбек Әлиевтің өз қалтасынан шыққанын айтып ақталды. Несие алуы мүмкін деп те дүдәмалдау жауап берді. Ал қыруар қаржы жұмсалады деп жоспарланған бау бола ма, болмай ма, ол өзі жауап береді деп шаруаға ысыра салды. Мемлекет мұқтаждығы үшін деп алынған жерді Әлиевтің заңсыз тартып алуы да Шөкеевтің шеке тамырын шодырайтқаны рас. Дегенмен әкім бұл жерде ешқандай да жемқорлық жоқ, бәрі де заңды. Болмаса тексерсін деп желке жүнін күжірейтті. 

 

Аймақтың ішкі істер саласындағы былық-шылығына қатысты да сұрақтар туындамай қойған жоқ. Айталық, Түркістан облысы Абай ауылында зорланған 7 жастағы балаға байланысты үстінен қылмыстық іс қозғалған ОҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан Селтановтың әлі облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып отырғаны. Ауыр қылмысты бүркемелеген шенеуніктің түк болмағандай креслосында отыру себебі де әкімнен сұралды. 

Шөкеев болса «қылмыстық іс қозғалғанымен, оны айыпты деп айту қиын. Сот болмай тұрып, айыпты деп қызметтен қуып шығуға ешкімнің қақысы жоқ. Заң аясында жүріп жатқан іс» деп бағалады. Төрт жыл бұрын орын алған оқиғаның анық-қанығын облыс әкімі енді ғана тексеретінін айтып даудан басын ала қашты. 

Түркістан индустриалдық аймағы

Түркістан индустриалдық аймағы  

Түркістан индустриалдық аймағына байланысты мәселе де шаш етектен екені белгілі. Бірқатар өндіріс алаңының тоқтап қалуының себептерін Шөкеев білмесе басқалар білмейді. Айталық, қолданысқа берілгеніне жеті жыл болса да іске қосылмаған теміржол талайдың жанайқайын сыртқа шығарған. Сапасы сын көтермейді деп сан мәрте сыналған шойын жолдың ендігі тағдыры не болмақ?  Шөкеев теміржолдың   тұралап тұрғаны үшін әуелі пандемияны, сосын инвесторларды жазғырды. «Теміржолға қарап тұрған ештеңе жоқ, инвесторларды жинап жатырмыз. Инфрактурасына қаржы бөлініп жатыр. Ол жерді міндетті түрде дамытамыз. Жұмыстың жүруі инвесторға байланысты, маған байланысты емес» деген ол жұмыстың қашан аяқталатынын айта алмады. 

Жер-жерде түбі көрінген қант тапшылығы мәселесі де Шөкеевті айналып өтпеді.  «Статистикалық мәліметте қант бағасы 450 теңге деп тұрса да, қара базарда 740 теңгеден сатылуда. Ал әлеуметтік дүкендерде 350 теңгеден сатылып жатыр. Жақын күндері 3 вагон қант келеді» деп мүдіріп қалған Шөкеевке баспасөз хатшысы бір жапырақ қағаз апарып берді. Қағазға қолы жеткен әкім қазір қанттың 20 күндік қоры бар. 1000 тоннаға ұсыныс бердік деп қағазды судыратып оқи жөнелді.

Өз кезегінде Malim.kz тілшісі облыста тайраңдап жүрген шетелдіктерге қашан  тосқауыл қойылатынын сұрады. Өйткені, бірнеше жылдан бері аймақтағы дәрілік өсімдік кеуректі қолды қылатындар көбейген. Күні кеше кеуректі ешкімнен сескенбей қазған 51 шетелдік азамат ұсталған-ды. Ал бұған дейін ауған, тәжікстандық, өзбекстандық азамат шекарадан кедергісіз өтіп өсімдіктің тамырын қиғаны мәлім.  Шөкеев журналистің кеурек – дәрілік шөп деген сөзін қайталап, тосқауыл жұмыстарын жүргіземіз деп уәде беріп сытылды.  

Иә, қаншама мәселе көтерілудей-ақ көтерілді. Алайда, жоспар бар да, жұмыс аз. Жиынға қатысушылардың дені нақты нәтиженің жоқтығына шағымданды. Үш ауысымдық мектептер жайы, Яссауи мазарының мүшкіл халі, өңірдегі буллинг, құрылысы аяқталмаған индустриялық аймақтар... Айта берсең көп.  Түптеп келгенде есептік кездесу соңы «орныңды босат»-пен аяқталды. Ал Шөкеев бұл пікірмен келіспейтінін айтып, төртінші билік өкілдерін Түркістанға шақырып кетті.   

Байланысты жаналықтар

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

23.04.2024

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

09.04.2024

Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Тоқаевқа есеп берді

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

23.03.2024
MalimBlocks
Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ.

Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Тоқаевқа есеп берді

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды