Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 31.03.2021

Бюджеттен құрылысына 28 миллиард теңге жұмсалған Қарағанды патрон зауыты жекенің қолына берілмек.

Құрылысы 2016 жылы басталып, ірге тасын сол кездегі қорғаныс министрі Ирманғали Тасмағамбетов қалап, ашылуы сан мәрте кейінге шегеріліп, 2020 жылдың мамырында премьер-министр Асқар Маминнің өзі барып, лентасын қиған "STEEL MANUFACTURING"  Қарағанды патрон зауыты сатылымға қойылды. Рrivatization.gosreestr.kz сайтында зауыттың 95 пайызы жекенің қолына берілетіні жөнінде айтылған.

Бастапқыда 28 миллиард теңгелік зауыт «өнімдеріне 100 пайыз қазақстандық шикізатты пайдаланады, жылына 30 миллион дана патрон шығарады, 164 адамға жұмыс орнын береді» делінген. Бірақ шын мәнінде олай болмай шықты. «Теңдесі жоқ зауыт» барлық шикізатты шетелден алып, 164 емес, 64 адамды жұмыспен қамтыған. Бұған қоса, зауыттың табысынан шығыны көп болып кеткен. Атап айтқанда, 2020 жылы зауыт 132 миллион теңге табыс тауып, шығындарына 245 миллион теңге жұмсаған. Яғни, кәсіпорын былтырғы жылды 113 миллион теңге шығынмен аяқтаған.

2021 жылдың ақпан айында "STEEL MANUFACTURING" зауыты директорының орынбасары Даурен Арынов кәсіпорынның бірде-бір патрон шығармағанын мәлімдеді. Бір қызығы, ол осыған қарамастан, АҚШ-тың  Қазақстаннан 40 миллион тапанша патронын сатып алуға дайын екенін айтқан.

Оқи отырыңыздар: “Төртінші зауыт қажет емес”: Мұнайды Қытайға өңдемей сата береміз бе?

Жалпы, Қазақстанда ашылатын зауыттардың жарнамасы өзінен үлкен болатыны айтпаса да түсінікті. Осы уақытқа дейін президенттен бастап, облыс әкіміне дейін лентасын қиған кәсіпорындардың қаншасы жабылып, қаншасы сатылып кеткенін ойлаудың өзі қорқынышты. Алысқа бармай ақ, 2011 жылы дәл осы Қарағанды облысында «ҚазӘуеСпектор» зауыты пайдалануға берілген. Ол Ресейдің «Фермер» ұшақтарын құрастырады деп жоспарланған. Бірақ аты дардай кәсіпорын ақыр соңында бірде-бір ұшақ шығармастан жұмысын тоқтатқан...

Байланысты жаналықтар

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

30.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024
MalimBlocks
Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

Бұл Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызып жатыр.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.