Президентке үндеу. Алатауды Алматы әкімінен құтқарыңызшы...

Бауыржан Байбек бастаған дауды Ерболат Досаев жалғастырмақ па?  Алматының бір топ эко-белсенділері бүгін, 5 қазанда баспасөз жиынын өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Онда олар президенттен Алатауды Алматы әкімдігінен құтқаруды сұрап отыр.  

Есенжол Елекенов

  • 05.10.2023

Дәл осындай талап қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің кезінде көп айтылып, Көк жайлау шатқалына құрылыс жүргізуге Қ.Тоқаев тиым салып, әрең тоқтаған еді. Бірақ, эко-белсенділер Б. Байбек кетіп, Көк жайлау құрылысы тоқтағанымен, Алматы әкімдігі Алатауға әлі де көзін қызартып отыр дейді. 
Анығында, олар жергілікті билік органдарының Алматы маңындағы Алатау тау бөктерінде туристік инфрақұрылымды дамыту жоспарына наразы. Олардың айтуынша, әкімдік қонақ үйлер мен  глэмпингтер салу үшін ерекше қорғалатын аймақтың 20 мың гектар жерін пайдаланбақ.   
Бастамашыл топтың мәліметінше, осы жылдың мамыр айында  парламентте «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  (ЕҚТА) туралы заңға» ерекше қорғалатын жерлердің юрисдикциясын төмендетуге мүмкіндік беретін түзету қабылданған. Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдері парк жерлерін Алматы қаласы әкімдігінің юрисдикциясына беруге қарсы болып отыр.
–Туристік қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк аумақтарының мәртебесін өзгертуге ешқандай себеп жоқ. Бірақ біздің тауларымызда құрылыс жүргізу – бұл Алматының құндылығы мен бірегейлігін жояды, – деді баспасөз мәслихатында «Көк жайлауды сақтайық» бастамашыл тобының мүшесі Ажар Жандосова.

Көк жайлауға келтірілген залал әлі өтелмеді

Ал «Жасыл құтқару»  экологиялық бірлестігінің төрағасы Сергей Куратов Алматы әкімдігінің парк жерлеріне көз тігулерін сынға алды.
–Әкімдік жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ете алмай отыр. «Медеу» табиғи паркі толығымен дерлік салынып, шағын ауданға айналды. Тау шаңғысы курортын заңсыз салу кезінде Көк жайлау шатқалына келтірілген залал бүгінгі күнге дейін өтелмеген. Қала ортасындағы Баум тоғайы көп жылдан бері күтілмей, тозып бітті. Алматының тарихи әуежай ғимараты бұзылды.  Бұрынғы әскери бекініс те біртіндеп қирады. Қалада осындай қараусыз қалған, қираған  ғимараттар жетіп артады. Әкімдік тыныш тұрған паркке көз тіккенше,  осыларды неге қолға алмайды, –дейді Сергей Куратов. 

Оның сөзінше, қазір әкімдікте табиғи аумақтарды жайластыру бойынша кезекті жоспарлар әзірленуде.  Онда Алматы маңындағы аумақта кемпингтер, глэмпингтер мен тау шаңғысы курорттарын салу үшін туристік инфрақұрылым салу «қажеттілігімен» негізделген. 
–Шаңғы кластері бүгінде Алматыға турист тартуда «зәкірлік жоба» деп аталады. Алайда, бұл жобаның экономикалық негізділігі үлкен күмән тудырады. Жаһандық жылыну жағдайында  әлемде тау шаңғысы курорттары жабылады, –дейді Сергей Куратов.

«Көк жайлауды сақтайық» бастамашыл тобының мүшесі әрі экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вадим Ни оның сөзін былайша қоштай кетті:
 «Климаттың өзгеруі тау шаңғысы (ТШК) курорты дамуын ұзақ мерзімді келешекте олардың дамуын тиімсіз етеді. 2019 жылы біз климаттың өзгеруінің Солтүстік Америка мен Альпідегі ТШК келешегіне әсері туралы зерттеулерге шолу жасадық. Жасанды қарсыз олардың жұмыс істеу уақыты қысқарады, бұл тау шаңғысы курортының шығындарын, тапшы суды пайдалануды едәуір арттырады. Тіпті қазірдің өзінде жарнамаланған тау шаңғысы курорты тиімсіз болады. Шын мәнінде, біз климаттық өтімсіздіктерден бас тартамыз және оларды қабылдаймыз, дегенмен де бізде тау шаңғысы курортын тұтынушыларының саны өте шектеулі».
 
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бұл мәселеге араласуын сұрады.
 «Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлерін Медеу өңірлік паркіне беру мүмкіндігі бойынша түзету жалпы тәртіпті айналып өтті. Бұл ретте негізгі жауапкершілік президент пен президент әкімшілігіне жүктеледі. Бұл шешімді жергілікті деңгейде жүзеге асыратын негізгі тұлғалардың ұстанымдары ұлттық парктің едәуір бөлігінің жойылуына әкелетінін көрсетеді. Біз олардың осы аумақта еркін экономикалық аймақ (іс жүзінде индустриалды аймақ) құру, бұқаралық туризм үшін қорықтар ашу туралы ұсыныстарын естиміз. Сондықтан біз президентке ұлттық парк жерлерін болашақ ұрпақ үшін сақтауға үндеу жасаймыз», -деді Вадим Ни.
 
Ол үндеуінде : - Республикалық маңызы бар ЕҚТА-ның кез келген учаскелерін, атап айтқанда ұлттық парктерді жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға беруге және олардың жерлерін қордағы жерлер санатына ауыстыруға тыйым салынсын;
- экологиялық жүйелердің және аумақтық тұтастықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық санаттағы ЕҚТА-ны қаржыландыру үшін шаралар қабылдау;
- Жергілікті атқарушы билік органдарының, атап айтқанда Алматы қаласы әкімдігінің республикалық маңызы бар ЕҚТА негізгі қызметіне араласуына тыйым салу; 
- Ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы халықаралық конвенциялар мен ұлттық заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз ету; 
- Іле-Алатау ұлттық паркін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуді жеделдету,- деді «Көк жайлауды сақтайық» бастамашыл тобының мүшесі әрі экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вадим Ни.

Байланысты жаналықтар

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

26.04.2024

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

26.04.2024

«Жүргізуші баламның намысына тиген»: Автобус апатына кінәлі күдіктінің анасы сотта сөйледі

26.04.2024

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

25.04.2024

Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйінде ұсталды

25.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024
MalimBlocks
Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.

«Жүргізуші баламның намысына тиген»: Автобус апатына кінәлі күдіктінің анасы сотта сөйледі

Ол баласының бұрын бұзақалық істемегенін, 22 желтоқсан күні 3 айлық баласына асыққанын айтты.

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйінде ұсталды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.