Қаңтар оқиғасы. Сотталғандардың саны қанша?

Тергеу топтарының өндірісінде 262 қылмыстық іс бар

Malim Админ

  • 04.04.2022

Қаңтар оқиғасына қатысты 152 адам сотталды. Мұндай мәліметті Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов таратты. 
Оның айтуынша, қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлар басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтары айналысуда.

«Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44-і терроризм актісі, жаппай тәртіпсіздік бойынша 47 іс қозғалған. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Оның 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеу үстінде. Оның басым көпшілігі ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Сондай-ақ, Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары  тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін істер сотқа бірден жолданып жатқанын айтты.  
 

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

06.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

04.05.2024
MalimBlocks
Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған. 

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.