Тәжікстан мен Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұраса Қазақстан әскер жібере ме?

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі  терроризммен күрес операциясын жүргізуде

Malim Админ

  • 20.05.2022

Армения мен Тәжікстанда қарулы  қақтығыс күш алып барады.  Бас көтерген наразы топтарды  билік  күшпен жаныштап жатыр.  


Арменияда  оң мыңға жуық адам премьер-министрдің  отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты. Ел астанасы Ереванда наразы топ парламент пен ішкі істер министрлігі ғимаратын қоршауға алған. Полициямен кішігірім қақтығыс болып, бірнеше адам ұсталып үлгерді.

Дегенмен демонстранттар көздегенін жасамай тарқамайтынын мәлімдеді. Арменияда премьер-министр Никол Пашинянға қарсы жаппай шерулер 25-сәуірде басталған. Оппозиция үкімет басшысы мен министрлер кабинетін Әзірбайжанмен жасалған келісім үшін айыптап жатыр.

Ал Түркіменстанда 14 мамырдан бері жағдай ушығып барады. Таулы Бадахшан облысының Рушан ауданында наразылық акциялары күшейе түсті. Осы сәтті террористер өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысып жатыр деп жатыр Тәжікстан билігі. Бүгін Бадахшанда қақтығыс болып, 114 адам ұсталды. Билік оларды түгел террористік топтың мүшелері екенін айтты. Қазір Тәжікстан Ішкі істер министрлігі  "терроризммен күрес операциясын" жүргізуде. Осыған дейін "террористік топ мүшелерінен" 24 Калашников автоматы, әр түрлі 18 тапанша, 5 пулемет, 15 рация, 53 телефон тәркілеп алынды. Осының алдында ғана наразылыққа шыққан 70 адам қамауға алынған. Билік пен тұрғындар арасында болған қақтығыста 21 адам көз жұмды.   

Тәжікстан  террористік топтарды билікті күшпен құлатуға үндеді деп айтыптай бастады.  Елдің күштік құрылымдары әзірше бас көтергендерді күшпен басып отыр.  Бірақ, жақын арада қақтығыс өршімесе басылмайтын сыңайлы.  Сыртқы күштерден ерекше қауіп төніп тұрғанда қос елдің билігі Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрай ма? Егер сұрай қалған жағдайда Қазақстан әскер беруі мүмкін бе?   

Саясаттанушы Мақсат Жақау ҰҚШҰ келісімінде аумақтық бөлінісіне, мемлекеттік билігіне қауіп төнетін болса көмек шақыруы әбден мүмкін дейді. Оған Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы мысал бола алады.  

«Ұйымның конституциялық қамтамасыз етуі негізінде көмек қолы созылады. Егер терроризмнің, сыртқы күштердің, діни салдардың  әсері болса ұйымның толық бақылауында болады. Бұл жерде қауіпсіздік бірінші орында», - дейді саясаттанушы.

Мақсат Жақау, бірақ, мұндай жағдайда әр ел өзі шешім шығаратынын айтады. Себебі, бұл олардың ішкі мәселесі. Егер аталған елдер қауіпсіздік ұйымынан жәрдем сұраса Қазақстан тыс қала алмайды. Әзірше Арменияда саяси жағдай аса қауіп төндірерлік сипатта емес, ал Тәжікстанның тұтастығына қауіп төніп тұр. 

О.Әбілұлы     

Байланысты жаналықтар

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024

Тоқаев Арменияға ресми сапармен барды

15.04.2024

«Крокус Сити Холл»-дағы теракт бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

02.04.2024

Армения запретила показ передач Соловьева

29.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

21.03.2024

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

04.04.2023
MalimBlocks
Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.

Тоқаев Арменияға ресми сапармен барды

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

«Крокус Сити Холл»-дағы теракт бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

Мәскеудің Басман аудандық сотының шешімімен «Крокус Сити Холл» концерт залындағы лаңкестік әрекет бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Армения запретила показ передач Соловьева

В Армении запретили трансляцию авторских передач «Вечер с Владимиром Соловьевым» и «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» в мультиплексе телеканала «РТР-Планета», сообщает РБК со ссылкой на заместителя министра высокотехнологической промышленности республики Авета Погосяна.

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

Оларға ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермес үшін тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды