Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді

Арман Қайыпхан

  • 06.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент соңғы жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызды құрағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.

Қазақстан мен Грузия түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқан, – деді Мемлекет басшысы.

Грузия Премьер-министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірін Қазақстанға арнағанын жеткізді.

Ираклий Кобахидзенің айтуынша, Грузия Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді.

Біз үшін саяси және экономикалық ынтымақтастықты арттыру аса маңызды. Түрлі форматта, оның ішінде көпжақты алаңдарда Қазақстанның мүддесін белсенді қорғауға дайынбыз, – деді ол.

Премьер-министр Қазақстан Президентін Грузияға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өтетін жүк тасымалы көлемін арттыруға және транзит дәлізінің инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударды.

Кездесуде сауда, энергетика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы екіжақты байланыстарды кеңейту перспективасы қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды