"Ханституция" vs Конституция: Жапаров Ақаев пен Бакиевтің ізін жалғай ма?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 13.04.2021

Сәуірдің 11-і күні Қырғызстанда Конституцияны өзгертуге байланысты жалпы халықтық референдум өтті. Оған дауыс беруге құқылы азаматтардың 37, 8 пайызы (1 336 743 адам) қатысты. Олардың 79,24 % Ата заңға түзетулер енгізуді қолдаса, 13, 65 % қарсы дауыс берген. Осылайша, айыр қалпақты ағайын Орта Азиядағы президенттік республикалар клубына қайтып оралды.

Халықаралық сарапшылар парламент сайлауынан кейінгі бүліктен соң билік басына келген Садыр Жапаров Конституцияны өзгерту арқылы, елден кетуге мәжбүр болған экс-президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевтің ізін жалғауы мүмкін дейді. Себебі түзетулер енгізіліп, референдум арқылы бекітілген Ата заң сол кездегі Конституцияға ұқсайды.

Бірақ, Садыр Жапаровтың өзі бұл пікірмен келіспейді. Ол бұған дейін, конституциялық реформасыз жемқорлықпен күресу мүмкін емес екенін айтып, «не себепті бүкіл әлемде ел кеденнен пайда табады, ал бізде жоқ?» деп сұрақ қойып, оған өзінше жауап іздеген. Бұған қоса ол, осыған дейін болған Ата заңдар өзге мемлекеттерден көшірілгенін, бұл жолғы Конституцияны 100 % қырғызстандық мамандар дайындағанын айтқан. Бір қызығы, Қырғызстан 2010 жылдан бастап онсыз да парламенттік басқарудан президенттік басқару жүйесіне көшкен.

Қырғызстанда жаңа Конституцияның қабылдануының заңдық негізіне күмән келтіретіндер де аз емес. Олар 28 ақпанда өкілеттік мерзімі аяқталған 2015 жылы сайланған парламент депутаттарының қабылдаған шешімдері күмәнді деп есептейді. Себебі олар 2020 жылдың 4-ші қазанында кезекті парламент сайлауының арты жаппай халықтық толқуларға ұласып, нәтижесі жойылғаннан кейін өздерінің құзырет мерзімдерін ұзартып алған.

Жаңа Конституция бойынша Жоғары Кеңес депутаттары 120-дан 90-ға дейін қысқарады. Президенттің құзыреті кеңейтіліп, жоғары консультативтік және үйлестіруші орган парламент емес, Халық Құрылтайы болады.

Әзірге Орта Азиядағы «демократия аралы» саналып келген Қырғыз елінің басқару жүйесі болашақта қай бағытқа дамитынын айту қиын. Авторитарлық жүйеден көз ашпай келе жатқан көршілерінің жолын қуа ма, жоқ әлде өз жолын іздей ме? Белгісіз. Тәуелсіздік тарихында билігін үш рет төңкеріп (2005, 2010 және 2020 жылдары) тастаған елдің саясатын болжау да оңай емес...

Байланысты жаналықтар

Қырғызстанда жер сілкінді

25.04.2024

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

25.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Тоқаевтың тапсырмасы: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды

09.04.2024

Садыр Жапаров Қазақстанға келе жатыр

09.04.2024

Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

26.03.2024
MalimBlocks
Қырғызстанда жер сілкінді

Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Мақсат - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ, ысырапшылдықтың алдын алу.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Тоқаевтың тапсырмасы: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Кездесу барысында тараптар білім, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.

Садыр Жапаров Қазақстанға келе жатыр

Ресми сапар 18-19 сәуірге жоспарланғаны белгілі болды.

Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді