Журналистерге “соғыс” сөзін қолдануға тыйым салынды

Айшолпан КЕРІМ

  • 01.03.2022

24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Путин мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресей армиясының Украина әскерімен соғысатынын хабарлады.

Одан кейін Ресейде сөз бостандығын шектейтін бірнеше тыйым енгізді. Соғыс басталғалы көршілес елде цензура жайы қалай болып жатқанына шолу жасап көрдік.

Сөз бостандығы бойынша түрлі тыйым шараларын Ресей соғыс басталған алғашқы күні-ақ енгізе бастады. 24 ақпан күні Роскомнадзор БАҚ-ты тек ресми дереккөздерден алған ақпаратты қолдануға міндеттейтінін хабарлады. Шарт бұзылған жағдайда БАҚ-қа 5 млн рубль көлемінде айыппұл салынуы немесе сайт бұғатталуы мүмкін екені айтылған.

25 ақпан күні Роскомнадзордың ресми сайтында “Ресейлік БАҚ-ты қорғау бойынша тиісті шаралар қолға алынды” деген хабарлама жарияланды. Онда 24 ақпанда Facebook әлеуметтік желісі Ресейлік төрт БАҚ-тың ресми аккаунттарына шектеу қойғаны туралы айтылған. Тізімде “Звезда” телеарнасы, “РИА Новости” ақпараттық агенттігі,  “Лента.ру” мен “Газета.ру” сайттары бар. Сондай-ақ аталған шектеулерді алып тастау бойынша Роскомнадзор жіберген өтінішке Facebook тарапанынан жауап келмегені жазылған.

“2020 жылдың қазан айынан бері Роскомнадзор ресейлік БАҚ пен ғаламтор ресурстарына қатысты Facebook тарапынан 23 жағдай тіркеді. 25 ақпан күні ІІМ мен бірлесіп Бас прокуратура шешімімен Facebook әлеуметтік желісі адам құқығы мен бостандығы және Ресей азаматтарының құқығы мен бостандығын бұзады деп танылды.

Facebook әлеуметтік желісіне қатысты Бас прокуратура шешіміне сәйкес, 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап Роскомнадзор заң аясында трафикті баяулату түріндегі шектеулер енгізу амалдары қолға алынады”, - делінген хабарлама мәтінінде.

Facebook әлеуметтік желісіне иелік ететін Meta компаниясы артынша Instagram-дағы ресейлік мемлекеттік басылым парақшаларына “Бұл басылым Ресей мемлекетінің бақылауында” деген белгіше қойып берді.

26 ақпан күнгі хабарламада күмәнді ақпарат таратқан БАҚ тіркелгені жайлы айтылып, журналистерге Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстарға қатысты “күшпен басып алу”, “соғыс”, “шабуыл” деген сөздерді қолдануға тыйым салынды.

“Аталған ресурстарда Ресей әскері әрекетінің әсерінен Украина қалаларында атыс болғаны, Украинаның бейбіт азаматтарының қайтыс болғаны туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат, сондай-ақ өткізіліп жатқан операциялар шабуыл, басып алу немесе соғыс ашу деп аталған материалдар жарияланған”, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталған күмәнді ақпаратты өшірмеген жағдайда “Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау” туралы № 149-ФЗ Федералдық заңының 15.3 бабына сәйкес бұл ресурстар бұғатталатыны айтылған.

Тізімде "Эхо Москвы", "ИноСМИ", "Медиазона", "New Times", "Дождь", "Свободная Пресса", "Крым.Реалии", "Новая Газета", "Журналист", "Лениздат" басылымдары бар. Осылайша Роскомнадзор соғысты соғыс деп атаған он басылымнан жарияланған ақпарды өшіруді талап етті.

Айта кетейік, Ресейдің Украина аймағына басып кіргеніне бүгін алтыншы күн. Екі жақтан да қаза тауып жатқан сарбаздар көп. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Украина тарабы 5300 ресейлік қаза болғанын айтты. Ал Ресей тарабы қаза болғандар бар екенін мойындағанымен, нақты санын жарияламай отыр.

Әлем елдері Ресейге қарсы санкцияларын күшейтіп жатыр. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, Еуроодақ "медиа тұлғалар", кәсіпкерлер, Кремльге жақын адамдар қатарынан 26 адамға жеке санкция салды. Shell мұнай компаниясы BP компаниясының ізімен Ресейдегі кәсіпорындардан кетіп жатыр. General Motors, Volvo, Volkswagen және бірқатар өзге көлік концерндері Ресейге көлік жібермейтін болды. Disney компаниясы Ресей кинотеатрларында киносын көрсетуден бас тартты. Netflix өз платформасынан Ресей телеарналарын көрсетпейді.

Байланысты жаналықтар

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

30.04.2024

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

23.04.2024
MalimBlocks
Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Қала әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

BBC хабарлауынша, мұндай шешім қабылданғаны туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак 24 сәуірге жоспарланған Польшаға сапары барысында мәлімдемек.