Апаттан көз ашпаған Риддер. Монополистерге Смайыловтың да, Ахметовтің де шамасы жетпей ме?   

Қаладағы мектептер мен мекемелер жұмысын тоқтатқан

Олжас Қасым

  • 18.04.2023

Бүгін Риддер Жылу Электр Орталығында тағы бір апат тіркелді.  Қала әкімінің орынбасары  Мұрат Байжүменов:  «Түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде сөндіріліп, резервті қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура тәулік ішінде көтеріледі», - деп басу айтыпты  тұрғындарға.

Желіде үйлерінің күрт суығанын айтып шағымданған азаматтар көп. Malim.kz  тілшісі Риддер тұрғыны Сара Мұқашқызымен тілдесіп, мәселенің мән-жайын сұрап білді.   

«Былтырғы қараша айынан бері жылу да, су да дұрыс берілген жоқ. Иелікке ешкім алмай жатыр дейді. Қыс бойы жылу болмағандықтан Өскемен қаласында балаларымыздың үйінде тұрдық. Мұнда тұрсақ, суық тиіп жиі ауырып қала береміз.  Келгенімізге екі ай болды жылусыз отырмыз. Қала басқа өңірлердегідей емес, қоңыржай климатта орналасқан. Су жөнінен де проблема көп. Кеше су беру тоқтатылды. Суды су тасығыш көліктерден алдық. Ертең қосады деп отыр. Риддерде  үш қазандық жұмыс істейді дейді. Бірақ, тозығы жеткен бәрінің, кезек кезек апат болады».

Риддер қаласы  

Риддер тұрғынының айтуынша, су мен жылу тапшылығынан жұмыс пен оқу уақытша тоқтатылған.  «Қазір қала «Мектептерінде сабақ тоқтап тұр, мекемелерде жұмыс жоқ.  Бүгін қалада ауа температурасы -7, түнде температура-10-13 дейін жетеді деген мәлімет берді» дейді ол.  

Шаһарда жылу электр орталықтары әбден тозған, сондай-ақ су электр желілерінің де кетеуі кетіп тұр.  Бір ғана төтенше жағдай кезінде қазандық агреттары 74 рет істен шыққан.   Одан бөлек,  өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан да апаттар аз болған жоқ.  Былтырғы  жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 мәрте бұзған.  

Негізгі мәселе  Риддердегі жылу электр орталығының монополияланғанынан шығып отыр. Риддер қаласының жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру мәселесі талай мәрте көтеріліп келеді. Ақпан-наурыз айларында екі жылу қазандығынан өрт шығып, үйлер жылудан тыс қалған.  Осы жағдайдан соң Облыс әкімі Даниал Ахметов «Риддер ЖЭО-ның жаңа иесіне үміт артудың қажеті жоқ. Сондықтан жылу электр орталығын коммуналдық меншікке алу қажет деп есептеймін», - деген. Бірақ,  Жылу электр орталығының жаңа иесі орталықты коммуналдық меншікке беруге келіспей отыр. 

Риддердегі жылу электр стансасының №6 қазандығында болған апат   

Бірнеше рет қайталанған оқыс жағдайлар Риддерге жаңа жылу электр орталығы салынуы қажеттігін талап етіп отыр. Аталған мәселе экс-министр Болат Ақшолақовтың да алдына тартылған.   «Бұл жай ғана электр энергиясы емес, бұл тариф. Ескірген станцияларды ауыстыруды қажет ететін,  тозығы жеткен көптеген өңірлер бар. Тарифтердің өсуі бір мезетте емес, бірте-бірте болуы керек. Мемлекетке шамамен 500 млрд теңге қажет – бұл жүйені қалпына келтіруге және жаңартуға жұмсалатын шығындар», деген ол «Ойланып көру керек» деп құтылған. Ақшолақов креслосын ауыстырып кеткен соң жабулы қазан жабулы күйінде қалды.   

Шаһар тұрғындары жағдай өзгермесе, келесі қыста да апаттар саны артуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Әкімдіктің дерегіне сенсек, «қазір кәсіпорынның кредиторлық берешегі 3 млрд теңгеден асып кеткен. Ал  станса иелерінің қалыптасқан жағдайды реттеу және қарызды жабу туралы нақты жоспары жоқ».

Қазіргі таңда әкімдік Риддер жылу-электр орталығының кредиторларымен бірге 2,7 млрд теңге сот шараларын бастаған. Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігі, кредиторлық берешектің болуы келесі жылыту маусымына да қауіп төндіреді. Риддер жылу-электр орталығын монополиясыздандыру мәселесі Премьер-министр Әлихан Смайыловқа да   бірнеше  рет төтесінен қойылған. Себебі, қаланы жылумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай туындап, тағы да техногендік апатқа болуы әбден мүмкін. Әзірше үкіметбасының Риддердегі жағдайды реттейтін  сыңайы байқалмайды.  

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

09.04.2024

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

04.04.2024

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

19.08.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ахметовсіз қалған Байахметовті Көшербаев «көшіре» ме? 

30.06.2023
MalimBlocks
ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізіліп жатыр.

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ахметовсіз қалған Байахметовті Көшербаев «көшіре» ме? 

Не де болса, осы соңғы қадамның бір кілтипаны бары анық