Цой ковидпен күресу үшін шетелден ақша алмақ

Malim Админ

  • 25.10.2020

Қазақстан COVID-19-ға қарсы күрес үшін Азия даму банкінен 3 миллион доллар көлемінде грант алмақ.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығының жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында қазанның 21-і күні жарияланып, ашық талқылауға шығарылды. Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісімің жобасын порталға денсаулық сақтау министрлігі ілген.

"1. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "ҚР-ның халықаралық келісімдері туралы" заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы грант туралы келісім (Азия-Тынық мұхит дүлей зілзаларға қарсы әрекет ету қоры) (COVID-19-ға қарсы шұғыл әрекет ету жобасы) жобасын  мақұлдауды қаулы етемін. 2. Денсаулық сақтау министрі Цой Алексей Владимировичті Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы грант келісіміне (Азия-Тынық мұхит дүлей зілзаларға қарсы әрекет ету қоры) (COVID-19-ға қарсы шұғыл әрекет ету жобасы)  қол қоюға өкілеттілік беруге қаулы етемін", - делінген. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. ҚР президенті Қ.Тоқаев", - делінген президенттің жарлығы жобасында.

Азия даму банкі мен Қазақстан арасындағы грант туралы келісім де порталға қоса ілінген. "Азия даму банкі осы Грант туралы келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес Азия-Тынық мұхит дүлей зілзалаларға ден қою қорының қаражатынан Қабылдаушыға $3000000 (үш миллион АҚШ доллары) мөлшерінде соманы беруге міндеттенеді", -делінген келісімде.

Келісімге қарағанда, гранттың қаражаты мыналарды: (а)  халықтың неғұрлым осал топтары, атап айтқанда ауылдық жерлерде пайдалану үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық керек-жарақтарды сатып алуға; және (б) жергілікті ауруханалар мен медициналық орталықтардың, оның ішінде қарқынды терапия бөлімшелері үшін емдеу әлеуетін арттыруға арналған медициналық жабдық сатып алуға пайдаланылатын болады.

Бұл келісімге денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қол қою тиіс.

Қоғамдық талқылаудағы құжатқа әзірге ешкім пікір жазбаған. Жарлық жобасы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болмақ.

 

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

30.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

Бұл Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызып жатыр.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.