Депутат қызғалдақ жұлғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынды

Айшолпан КЕРІМ

  • 29.06.2022

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұлды алып тастауды ұсынды.

Депутат сөзінше, Қылмыстық кодекстің 335 және 339-баптарында тым қатал жаза қарастырылған.

"Бүгінгі таңда бүкіл өңірде көптеген азамат Қызыл кітапқа енгізілген жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Ауыл тұрғындары жабайы қызғалдақтар мен лотостардың сирек кездесетін өсімдік екенін және олар Қызыл кітапқа енгенін біле бермейді", - дейді Ерубаев.

Мысалы Түркістан облысы, Ақбастау ауылы маңындағы жайылымда 6 жабайы қызғалдақты жұлған ер адам ұсталған. Қылмыстық кодекс бойынша оған 8 млн 751 мың теңге айыппұл салу не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы көзделген.

"Қалай болса да, айыппұл төлеу үшін бұл азамат несие алады, қаржылық қиындыққа тап болады. Азаматтарға жазаны жеңілдету шарасы қарастырылмай ма? Бәлкім, бірінші рет жұлғанда тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екінші рет қайталаса, заңға сәйкес жазаласа. Сосын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер тізімінен жабайы қызғалдақтар мен лотостарды алып тастау мүмкіндігі бар ма?", -деп сұрады Ерубаев экология, геология және табиғи ресурстар министрінен.

Серікқали Брекешев Конституцияның 38-бабына сәйкес, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

"Айыппұл мен басқа да санкциялар табиғатқа зиян келтіретін азаматтарға ғана бағытталған. Сіздің ұсыныстарыңызды мәжілістің жұмыс тобы аясында қарастыруға дайынбыз", - деп жауап берді Брекешев.

Байланысты жаналықтар

Бауыржан Азанов: Тікелей эфирде сот процесін өткізуге кім шешім қабылдады? Сол бәріне жауап береді

13.05.2024

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024
MalimBlocks
Бауыржан Азанов: Тікелей эфирде сот процесін өткізуге кім шешім қабылдады? Сол бәріне жауап береді

Алқабилер сот шешімінің әділ шығарылуына ықпал ете алып отыр ма?

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады