Маймыл шешегі пандемия деп танылды

Инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды

  • 24.06.2022

Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі маймыл шешегін пандемия деп жариялады.  Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай мәлімдеме жасап отыр.  

ДДСЖ ұйымының сайтында жазылғандай, аталмыш ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды, науқастардың жалпы саны 3 400-ден асып жығылды. Инфекцияның таралу қарқыны апта сайын арта түсуде.

Әлемдік денсаулық сақтау желісі теріс салдарды азайту үшін вирус тарап жатқан барлық жерде шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өтті. Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 маусымда маймыл шешегі  өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін төтенше комитет отырысын шақыратынын мәлімдеген болатын.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, маймыл шешегінің бұған дейінгі өршу жағдайларымен салыстырғанда, вирустың бұл жолғы нұсқасында ерекшеліктер бар. Сол себепті вирусологтар бұған жіті назар аударуы тиіс.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

05.08.2021

Дәрігер: Бақсы-балгерлік бизнеске айналып кетті

11.06.2021

Пандемия кезінде мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілді

12.03.2021

Пандемия әлі 7 жылға созылуы мүмкін

06.02.2021

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

19.01.2021

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

16.10.2020
MalimBlocks
Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

Дәрігер: Бақсы-балгерлік бизнеске айналып кетті

Пандемияға байланысты көп сырқат түрі шетке ығысып, адамдар дертін ұмыта бастағандай. Десе де хирург-дәрігер, ұстаз Қаракөз Қариқызы Қазақстанда адамдар әлі де әлемде жоқ ойдан құрастырылған аурудың емін іздеп әлек болып жүргенін айтады. 30 жылдық тәжірбиесі бар маманмен науқастарды жиі мазалайтын сұрақтар мен «сиқырлы» ем-дом, блогерлер жиі жарнамалайтын «дәрумендер» туралы әңгімелестік.

Пандемия кезінде мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілді

Пандемия әлі 7 жылға созылуы мүмкін

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?