Өрт сөндіруші болу үшін не істеу керек?

Өрт айтып келмейтін қорқынышты апаттың бірі. Өрт болған жағдайда көпшілік адам не істеу керегін білмей, от құрсауынан шығудың жолын таба алмай, абдырап қалады. Және сондықтан олардың тірі қалуға мүмкіндігі азаяды. Алайда бұл сәтте оларға өрт сөндірушілер көмекке келеді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 29.03.2022

Бұл жұмыста ұсақ-түйек деген ұғым жоқ, әрбір минут маңызды. Бөлімшеге қоңырау келіп түскенде жиналуға 20 секунд уақыт бар. Апат орнына келгенде өрт сөндірушілер алдымен адамдарды құтқарып, олардың қауіпсіз аймаққа көшіріп, су тапаншаларын қосып, жалынға қарсы тұрады. Өрт сөндіру бөлімінің командирі оттың қауіп деңгейін бағалап, оны сөндіру тактикасын айтады. Ол қосымша отряд шақыру немесе шақырмауды ойланып, көтеру техникасын қоятын орынды белгілеп, жұмысты қай жақтан бастау керегін бекітеді. Әр жағдайға өзіндік ереже керек.

Әдетте бірнеше құтқарушы оттың бағытын білу үшін барлауға барып, іште қалған адамдарды алып шығады. Оттан бөлек, түтіннің әсерінен олар бір-бірінен адасып қалмас үшін бәрі бір троссқа бекітіледі. Алдыда отпен күресіп жүргеніне көп болған тәжірибелі адамдар жүреді. Бұл шынымен де күрес алаңына ұқсайды. Әркім өз қызметін біледі, кез келген уақытта бір-біріне көмекке келеді.

Өрт сөндірушінің басты мақсаты отпен күресу емес, адамдарды құтқару. Сондықтан от құрсауынан алып шыққан адамға алғашқы медициналық, моральдық көмек көрсету керек. Өрт сөндіруші отпен күресетін жауынгер, адамды аман алып қалатын құтқарушы және көмек көрсететін дәрігер бола білуі керек.

Өрт сөндіру ісінде жақсы физикалық дайындық керек. Олар қолданатын құрылғылардың салмағы ауыр, соған қарамастан, жылдам қозғала білу керек. Мысалы, оныншы қабатқа ауыр киіммен арнайы құрылғымен жүгіріп шығуды ойлап көріңіз. Сондықтан өрт сөндірушілер жүгіру, турникте тартылу, ауыр көтеруден норматив тапсырып, үнемі спорттық жарыстарға қатысып отырады. Алайда оларға демалуға да уақыт берілу керек. Сол себепті олар кезекшілікпен жұмыс істейді. Мысалы, үш күн демалып, бір күні жұмысқа шығу керек.

         Өрт сөндірушілер ылғи қауіп аймағында болып, өз өмірлерімен денсаулықтарын аямай жұмыс істейді. Әлемге белгілі Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа да, Нью-Йорктегі егіз ғимаратта болған теракт кезінде де бірінші болып өрт сөндірушілер барып, адамдарды эвакуациялаған. Чернобыльдегі апатта адамдарды құтқару кезінде 28 өрт сөндіруші, Нью-Йорктегі жағдайда 343 өрт сөндіруші қайтыс болған. Ал тірі қалғандардың көбі жүрек ауруларына, күйзеліске тап болады. Сондықтан бұл мамандыққа шын мәнінде адам құтқаруды мақсат ететін ержүрек адамдар ғана бара алады.

         Қазақстанда өрт сөндірушілер Төтенше жағдайлар министрлігінің құзіретіне кіреді. Көбіне олар бұл қызметке әскери борышын өтегеннен кейін өрт сөндіру курсынан өткен соң орналасып жатады. Бұл жұмысқа келудің ережелері арнайы заңмен бекітілген.

         Өрт сөндіру қызметіне жұмысқа қабылдау 2011 жылдың 6 қаңтарында қабылданған №380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының 2 бабы 7 тармағы бойынша жүргізіледі. Қызметке конкурспен қабылдайды. Оған заң ережелеріне қатысты тестілеуден өткен, физикалық-психикалық дайындығы оң бағаланған, әскери-дәрігерлер комиссиясынан оң бағамен өткен адамдар қатыса алады. Бос орындар вакансиясы сіз тұратын аумақтың төтенше жағдайлар басқармасының сайтында және баспасөз беттерінде жарияланады.

Конкурстан өткен жағдайда тағылымдамада болып, одан кейін кәсіби даярлау мектебінде алғашқы дайындықтан өту керек.  Оның ішінде, алғашқы медициналық көмек көрсете білу, қажетті құрылғылармен жұмыс істеу сынды маңызды сабақтар болады.

Жұмыстың ауырлығына байланысты өрт сөндірушілердің зейнетке шығу жасы да салыстырмалы түрде төмен. 12,5 жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандар 48 жасында зейнеткер болады.

Байланысты жаналықтар

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024

ТЖМ енді өрттен сақ болуға шақырып жатыр

08.04.2024

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

29.03.2024

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

21.03.2024
MalimBlocks
«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

ТЖМ енді өрттен сақ болуға шақырып жатыр

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады.

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді