Полиция нағыз құқық бұзушыларды көрмей, неге мені көре қалды? – Еңбегін даулап, қамауға түскен жігіттің әңгімесі

Келісімшартта «8 сағат жұмыс істеу керек» деп көрсетілген

Олжас Қасым

  • 05.10.2022

Кранның басына шығып, еңбекақысын сұраған Бекмұрат Саматов қамауға алынған. Ол Астанадағы Тәуелсіздік 34/2 көшесіндегі құрылыс алаңында осындай әрекет жасаған. Бұл жөнінде Malim.kz арнайы хабарлаған да болатын. Әділдікті талап етемін деген азамат бұл қамаудың себебін түсінбей дал. Айтуынша, оны Алматы ауданаралық соты «әкімшілік тәртіпті бұздың» деп қамап тастаған. «Ал келісімшартты бұзып, құқығымды таптағандарға сот саусағының ұшын да тигізген жоқ», дейді ол.


Бекмұрат «БурМонтаж Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  (басшысы Ногай Святослав Петрович) краншы болып жұмыс істеген. Құрылыс саласымен айналысады.

«Биылғы қаңтардан бері тоғыз айдай уақыт болыпты еңбек етіп жүргеніме. 26 тамыз күнінен 27 күнгі 05-ке дейін бетон қабылдадым. Ал бізге жұмысты бірнеше сағатқа артық істегеніміз үшін ақша төленуі керек болатын. Сағатына 2 жарым мың теңге берілуі керек.  Айдың соңы ғой, «тиесілі ақшамызды беріңіз десем, төлемейміз», дейді. Жұмыс істеткенде сондай. Дәл сол күні 27 тамызда және қалада қатты жел соғып тұрды. Ондай кезде кранға шығуға болмайды. Ал бастығымыз сол еңбекті ескермей, «сол күні сен демалдың», деп, еңбекақымды төлеуден бас тартты. 26-сы күні 20 сағат суықта жоғарыда дірдектеп отырдым», - дейді шағымданушы. 

Бекмұраттың айтуынша, келісімшартта «8 сағат жұмыс істеу керек» деп көрсетілген. «Ал біз 11 сағат еңбек етеміз. Негізі 11 сағаттық режимде жүруді құптағанбыз, бірақ жұмыс уақыты одан асып кетсе қосымша ақы төленсін деп келісімге келгенбіз», - дейді Б.Саматов.

Бекмұрат басшылықпен түсінбестік  қалай болғанын да айтып берді.  Таңертең жұмысқа келген оны  басшылық статья бойынша жұмыстан шығарып жіберген.

«Мен арамызда өзара  келісімшартымыз бар екенін естеріне салдып, «қалай жұмыстан шығарасыңдар?» деп сұрадым. Олар «келісімшарт қысқа мерзімге берілген. Уақыты болса өтіп кетті», деді. Заңды белінен басқан соң күйініп жоғарыға шықтым. Кранның үстінде тұрып өзімнің талабымды қойдым. Әйтпесе «менің дауысым ешкімге жетпейді». Сонымен мені осындай жағдайға жеткізген үшін кранға шығып, келісімшарттағыдай, еңбегімді талап еттім».

Алайда құрылысшының еңбекақысын төлеудің орнына Сот оны жауып тастаған. Ол бірінші күні Алматы аудандық полиция басқармасы жақта, екінші тәулікте Жетіген деген жерде қамауда отырған. 4 тамыз күні болады деген сот та сол күні өтпей қалған. Саматов абақтыдан 4 тамызда сағат 11:30-да шыққан.

Қазір Бекмұрат еңбегін даулап  Еңбек инспекциясына барып жүр. Шағымданушы өзінің әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық санамайды

«Сол жақта менің ісіммен айналысып жатқан маманмен кездесіп, қаңтардан бері істеген қосымша жұмыстарымды есептеткізіп жатырмын. Құрылыс компаниясының директоры, бухгалтер бәрін шақырдық. Артық жұмыс істеген күндерімізді санаймыз. Нағыз құқық бұзушыларды көрмей, полиция неге мені көре қалды? Егер мен осылай талабымды қоймасам, еңбегіміздің желінгеннің үстіне желіне береді», - дейді ол.

Айта кетейік, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысын төлемеу фактілері жиі көтеріледі. Жақында ғана Астанада 10 жыл бойы жалақысын алмаған құрылысшылар шағымын айтып, полицияға жүгінген. Алайда, Бекмұрат секілді олардың да арыздары қабылданбай, сан соғып қалды. Ішкі істер министрінің атына арыз жазғанымен, нәтиже жоқ. Одан бөлек ЭКСПО-ны салған 400 маман ақысын даулап, еңбегін ала алмай жүргенін айтып, шу көтерді. Оның да соңы сиырқұйымшақтанып кеткен. Еңбегі еленбеген, әбден ашынған жұмыскерлердің жолды жауып, шеруге шығып жатқанына да көз үйреніп кетті. Дегенмен, әй дейтін әкім, қой дейтін құқық қорғаушылар болмаған соң олар ойына келгенін істемей қайтсін?!

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

06.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

04.05.2024
MalimBlocks
Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған. 

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.