Қазақстанда аза тұту неге көбейіп кетті...

Бүгін Абай облысындағы орман өртінде қайтыс болған 14 орманшыға аза тұтып қаралы күн деп жариялады. 2019 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның туы түсіріліп ұлттық аза тұту дәстүрге айналып бара жатқан сияқты.

  • 12.06.2023

Өткен күнге қарасақ барлық қаралы күн табиғат апаты емес адами фактордан болғанын көруге болады. Яғни үкіметтің жауапсыздығы, барлық салаға жемқорлықтың дендеп енуі, отыз жылда тек көзбояушылықпен айналысқанының нәтижесі деуге болады.   

Тәуелсіздік алған уақыттан бері он екінші қаралы күн.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең алашқы қаралы күн 2006 жылы 20 қыркүйекте Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында метан газы жарылып, 41 адам қаза тапты.

Бір жарым жылдан кейін 2008 жыл 11 қаңтар күні тағы да шахтыда жарылыс болып 30 адам қайтыс болды.

Ал 2010 жыл 16 наурыз да тағы қаралы күн жарияланды. 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып 45 адам көз жұмды.

2012 жыл 5 маусым Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні лаңкестік оқиға болды. 15 адам шекарашы сарбаз Владислав Челахтың қолынан қаза тапты делінді.  Сол жылдың соңында  27 желтоқсан күні тағы мемлекеттік ту түсіріліп қаралы күн жарияланды.

25 желтоқсан күні Шымкент маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери ұшағы опат болды. Ан-72 әскери бортында болған 27 адам қайтыс болды.

Бір айдан соң 29 қаңтарда Көкшетаудан Алматыға бағыт алған Scat компаниясына тиесілі әуе кемесі апатқа ұшырап 21 адам қаза болып 31 қаңтар қаралы күн деп жарияланды.

2016 жыл 9 маусым да қаралы күн болып тарихта қалды.

5 маусым күні Ақтөбеде бір топ террорист «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасын басып алмақ болғанда 7 адам көз жұмды. Лаңкестік оқиғадан соң бір апта бойы қауіпсіздіктің қызыл деңгейі сақталды. Антитеррорлық операция жүргізіліп, 18 қылмыскердің көзі жойылды.

27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлап ресми мәлімет бойынша 13 адам қайтыс болып 2019 жылдың 28 желтоқсан күні қаралы күн болып жарияланды.

2020 жыл 13 шілде COVID-19 коронавирус инфекциясынан қайтыс болған құрбандар үшін жалпы ұлттық аза тұту күні жарияланды. Ресми мәлімет бойынша пандемия басталғалы Қазақстанда 19 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды.

2021 жыл 29 тамыз. Жамбыл облысы Байзақ ауданында 26 тамыз күні сағат 19:00-де әскери бөлімнің оқ-дәрілер сақталған қоймасынан өрт шығып 13 адам мерт болып, 98 адам жарақат алды.  

2022 жыл 10 қаңтар елдің бірнеше қаласында болған бейбіт ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 238 адам мерт болды. Бұл күн Қазақстан халқының жегідей жеген жемқорларға қарсы тұрған күні болып есте қалады.  

Бұл ресми қаралы күн, ал 2011 жылы тарихта "Жаңаөзен оқиғасы" деген атпен қалған 16-18 желтоқсандағы көтерлісте 17 адам шейіт болды, 2019 жылы Астана қаласында өртеніп кеткен бес сәби, 2005 жылдың 12 қараша күні қоғам қайраткерлері Заманбек Нұрқаділов, 13 ақпан 2006 жыл Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза тапқан күндерін халық азалы күн деп біледі.

Байланысты жаналықтар

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024

ТЖМ енді өрттен сақ болуға шақырып жатыр

08.04.2024

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

29.03.2024

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

21.03.2024
MalimBlocks
«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

ТЖМ енді өрттен сақ болуға шақырып жатыр

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады.

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді