Malim.kz
Қоғам

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

Арман Қайыпхан

Денсаулық сақтау министрлігі мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты,-делінген хабарламада.

Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:

Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.

Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.

МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін – 10 минут, 2-санат – 15 минут, 3-санат – 30 минутты құрайды.

Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары