Malim.kz
Білім-ғылым

1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

Сұлу Бөлек

1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясы өседі, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Жоғары білім және ғылым министрлігі Үкімет отырысында стипендия қалай өсетінін айтты: 

бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін; 
магистранттардікі – 117 098 теңгеге дейін; 
докторанттардікі – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Министрлік мәліметінше, биыл бакалавриат деңгейіндегі стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. 

Фото: Pixabay.com 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары